БАЗЫКЕН ГУЛЬМАНУ ЖӘНЕ НУРИМОВ БАУЫРЖАН - Лидеры Орифлейм КазахстанҚазақстан, Астана қ

Тіркелу: 20.03.2008 ж.
Аға Менеджер: 20.11.2010 ж.
Директор: 23.04.2011 ж.
Аға Директор: 31.05.2014 ж.
Алтын Директор: 16.04.2016 ж.
Аға Алтын Директор: 29.05.2016 ж.
Жақұт Директор: 29.05.2016 ж.

Өмірдегі сүйіп қалаған мамандығым – математика, математика ғылымдарының магистрімін. Орифлэймге дейін бірнеше жоғарғы оқу орындарында сабақ беріп, ақшаның санынан жүгіріп көрдім. Бірнеше жерде оқытушы болып табыс тапсам да, негізгі армандарыма жете алмайтыныма көзімді жеткізгеннен кейін, дәстүрлі бизнеспен де айналысып көрдім. Дәстүрлі бизнесте ақшаның соңынан жүгіретіндігімді түсіндім. Негізгі мақсатым – математика ғылымдарының докторы атағын алу болатын. Магистратураны сол мақсатта бітірген болатынмын. Бірақ, таңдау — Орифлэйм бизнесі немесе докторантура дегенде, жеті рет өлшеп, бір рет кесіп, Орифлэймді таңдаған болатынмын. Орифлэймді таңдаған себебім, біріншіден, жоғары деңгейдегі маркетинг жоспары, екіншіден, Орифлэйм бизнесі өте қызықты, сондай-ақ алғашқы қадамнан бастап сыйлыққа кенелтетін, қомақты ақша төлейтін әдемі эстетикалық бизнес екендігін түсіндім. Үшіншіден, «Орифлэймге не үшін келдім, Орифлэйм маған не береді» деген сұраққа іштей жауап тауып, бизнестің мағынасын түбегейлі түсініп, бастауға және тоқтамауға тек қана алға қарай жүруге шешім қабылдадым.

Орифлэймді таңдағанда, достарым, таныстарымның бәрі менен шеттетіліп, «Гүлбану, Орифлэйммен ауырған, психологиялық жынды ауруына шалдыққан» деп менен қашатын болды. Себебі, есі дұрыс адам докторантураға түскелі тұрған документін қайтарып алмайды ғой деп ойлады. Бірақ, осы күні, шешімімнің дұрыс екендігін, «Орифлэйм менікі» деген математикалық есептеулермен қабылдаған тұжырымымның дұрыстығын уақыт өзі емші болып дәлелдеді.

Жолдасым Бауыржан бала күнінде өте арманшыл болған. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, үлгілі оқушы, қатардың алды болып, мектепті үздік аттестатпен аяқтаған. Сонымен жас ғалым болсам деген бала арманы, оны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математика факультетіне алып келеді. 2009 жылы Қазақстандағы ғылыми жетекшісі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Алиасқар Бекенұлы Түнғатаров пен Германиядағы ғылыми жетекшісі ғылым докторы профессор Михаэль Райссигтың жетекшілігімен Ph.D докторлық диссертациясын сәтті қорғап шығады.

Қазіргі таңда Еуразия Ұлттық универстетінде Іргелі математика кафедрасында доцент қызметін атқарып келеді. Негізгі жұмысты тастамай да, Орифлэйм бизнесімен айналысуға болатындығына көзін жеткізді.

Қазақстандағы басқа компаниялардың маркетинг жоспарымен салыстыра отырып, Орифлэймді таңдадық. Орифлэйм шын мәнісінде армандарды оятып, армандарға жеткізетін бірден бір беделді, қомақты табысы бар әлемдік деңгейдегі компания.

Біріншіден, біз осы бизнесті дер кезінде түсіндіргені үшін Аллаға мың да бір шүкіршілік айтамыз.

Екіншіден, дүниеге әкелген ата-анамызға, бізді осындай арманшыл, еңбекқор және ізденімпаз етіп тәрбиелегені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.Үшіншіден, бизнестегі ұстазымыз Батагариева Жамиля апа мен Батагариев Ерсайын ағаға және Арман мен Зульфияға әрбір айтқан кеңестері үшін, Орифлэйм компаниясында көшбасшы болуға тәрбиелеген, сонымен қатар кәсіпкерлікке дұрыс бағыт беріп, бізге үлкен мүмкіндікті көрсеткені үшін алғысымыз шексіз.

Төртіншіден, достықтан құрылған бізге сене отырып, өздері де көшбасшы бола білген мықты да ақылды, парасатты, еңбекқор және жеңімпаз командамызға мың алғыс! Сонымен қатар, Шынар Смагулова бастаған Астана қаласының Орифлэйм орталығының қызметкерлерінің нақты ұйымдастыру жұмыстарына және қолдауларына рахмет айтамыз.

Регистрируйся в нашу команду сегодня и результат не заставит себя ждать!

 

Нет комментариев

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


Copyright 2015 - 2024 © #ori_global_community - командный сайт независимых консультантов, директоров компании Oriflame.
Все права защищены.

Введите данные:

или    

Forgot your details?

Create Account